Мақтаарал ауданындағы су басқан ауылдардағы су азая бастады

Түркістан. 6 мамыр. ҚазТАГ – Мақтаарал ауданындағы су басқан ауылдардағы су азая бастады, деп хабарлады Түркістан облысы өңірлік коммуникациялар қызметінен.
«Мақтаарал ауданында 4 мамырда салыстыру бойынша су төмендей бастады. Атап айтсақ, Жеңіс және Жантақсай ауылдарында су 14 см, Жаңатұрмыс - 17 см, су деңгейі Өргебаста 11 см, К-15-9 А арнасы – 13 см, Арай ауылының алдындағы көпір – 6 см төмендеген», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
ОКҚ ақпарынша, қызыл судың көлемі Шұғыла ауылында ВС-12 коллекторының басында 0,05 см, М-39 шоссесінде K-15-M-A каналында 8 см, Нұрлы Жол және ОГК каналда 5 см – ға.
«Сонымен қатар, Қоғалы елдімекенінде тоғыз сағатта 3 см-ға, коллектор орналасқан ауданда – 2 см төмендеген», - делінген хабарда.

adimage