Назарбаев 2019 жылдан бастап фрилансерлерді БЖТ төлеуге міндеттейтін заңға қол қойды

Астана. 27 желтоқсан. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылдан бастап фрилансерлерді БЖТ төлеуге міндеттейтін заңға қол қойды, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«Мемлекет басшысы халықтың жұмыспен қамтылуы саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», - деді бейсенбіде Ақордадан.
Еске салсақ, түзетулерді 20 желтоқсанда парламент қабылдады. Заңның негізгі ережесімен 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық органдарында ресми емес жұмыспен қамтылғандардың қызметін тіркеудің жеңілдетілген тәртібін қарастыратын БЖТ енгізіу қарастырылған.
БЖТ енгізу, заңды әзірлеушілердің айтуынша, ресми емес жұмыспен қамтылғандардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысуына және сомасы мен түрі шексіз медицинаық қызметке қол жетімділікке ие болуға, медициналық мекемені таңдау құқығына ие болуына мүмкіндік береді. Сондай-ақ, түзетулер авторлары атап өткендей, БЖТ жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысып, жүйедегі еңбек өтіліне байланысты базалық зейнетақы төлемдерін ала алады.
14 қарашада мәжілісте түзетулерді талқылау барысында халықты әлеуметтік қорғау және еңбек министрі Мәдина Әбілқасымова БЖТ төлемшілерінің шекті кірісі күнтізбелік жылда 100 АЕК-ден аспауы керектігін мәлімдеді.

adimage