Назарбаев қазақстандық әйелдерге дауыстап армандауға кеңес берді

Астана. 7 наурыз. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 8 наурыз халықаралық әйелдер күні қарсаңында қазақстандық әйелдерді құттықтап, дауыстап армандауға кеңес берді, деп хабарлады Ақорда агенттігінің тілшісі.
«8 наурыз - көктемгі бір керемет, ең нәзік мереке.(…). Бұл керемет күн әлемімізге үйлесімділік әкеледі. Айтады ғой, егер 8 наурызда сіздерге көңіліңіздегі сыйлықты сыйламаса, демек келесі жолы дауыстап армандаңыздар. Ерлердің барлық жетістігі әйелдердің бір сезіміне де татымайды», - деді Назарбаев бейсенбіде Қазақстандағы әйелдер қоғамдастығының өкілдерімен кездесу барысында.
«Әйелдер 120 сағатын немесе бүтіндей бес күнді айна алдында өткізеді екен. Ғалымдар анықталғандай, орташа статистикаға сәйкес әйелдер өз өмірінің 17 жылын өмір бойына 2-3 килограмм далап жеп диетада өткізеді екен», - деді президент.
Бұл ретте ол атап өткендей, тек әйел ғана әлемде ең маңызды нәрсені береді – жаңа өмір сыйлайды.
«Орта есеппен бізде бір отбасында қазір 3 баладан тәрбиеленіп жатыр, ал жылына 400 мыңнан астам нәресте өмірге келеді. Балалар әркез тек отбасының ғана байлығы, мақтанышы емес, бүкіл елдің бағалы капиталы болып қала бермек. Біз экономика туралы айтамыз. Біз өндірісті дамытып жатырмыз, ал осы жерде кім жұмыс жасайды?! Отанымызды кім дамытып, қорғайды. Егер осы тұрғыдан келсек, онда бұл мемлекет үшін өте маңызды», - деп атап өтті мемлекет басшысы.
Оның пікірінше, ана болу – бұл әйелдің өмірлік міндеті.
«Отбасы қаншалықты берік болса, мемлекет те соншалықты мықты. Мен өте қысқа мерзім ішінде некелердің 20%-ға жуығы ажырасумен аяқталып жатқанын үлкен өкінішпен бақылаймын (…). Біз мұны түзетуге тырысуымыз керек», - деді Назарбаев.

adimage