Назарбаев ресейлік ұлттық «Жыл адамы» («Человек года») сыйлығының лауреаты атанды

Алматы. 11 желтоқсан. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Н. Назарбаев ресейлік ұлттық «Жыл адамы - 2014» («Человек года») сыйлығының лауреаты атанды, деп хабарлады Орыс биографиялық институтынан (Русский биографический институт).
«Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы, Қазақстан Республикасының президенті. ЕАЭО құрғаны үшін», - делінген «Мемлекеттік қайраткерлік» атауында келтірілген тізімде.
Одан басқа, лауреаттар тізімінде сондай-ақ Ресей президенті Владимир Путин, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Армения президенті Серж Саргсян, сондай-ақ ҚХР төрағасы Си Цзиньпин бар.
Сондай-ақ сыйлық «Рухани күш», «Медицина және денсаулық», «Ғылым», «Ұлтаралық қарым-қатынас», «Азаматтық ерлік» және т.б. атауларында беріледі.
«Жыл адамы» Ұлтық сыйлығын тағайындаушылар орыс биографиялық институты мен экономикалық стратегия институты.  
Орыс биографиялық институты (РУБИН) – үкіметтік емес, коммерциялық емес ұйым. Оның басты міндеті ресейлік қоғамды зерттеу. Ол 1992 жылы негізін қалаған.

adimage