Алматы мен Шымкенттегі айырбас қосынында доллар бағамы арзандады, Нұр-Сұлтанда бұрынғысынша қалды

Алматы. 9 желтоқсан. ҚазТАГ – Алматы мен Шымкенттегі айырбас қосынында доллар бағамы арзандады, Нұр-Сұлтанда бұрынғысынша қалды, деп хабарлады Kurs.kz
Нұр-Сұлтан қаласындағы айырбастау пунктінде АҚШ долларының орташа сатып алу бағамы Т385,3, сату - Т386,9 болды.
Алматыда $1 орташа сатып алу бағамы Т385,7, сату – Т387,3.
Шымкентте $1 орташа есеппен сатып алу бағамы Т385,6, ал сату - Т386,9.
Қазақстан Ұлттық банкі бекіткен АҚШ долларының ресми бағамы Т384,97 құрады.

adimage