«Қаз Монтаж Энерджи» ЖШС ісінің фигуранты Т1 млрд. жалған шот фактуралар ісі бойынша сотталды

Астана. 29 наурыз. ҚазТАГ – «Қаз Монтаж Энерджи» ЖШС ісінің фигуранты Т1 млрд. жалған шот фактуралар ісі бойынша сотталды, деп хабарлады қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) баспасөз қызметінен.
«ҚМА Астана қаласы бойынша департаменті «Каз Монтаж Энерджи» ЖШС атынан 1 млрд астам сомаға жұмыстарды, қызметтерді көрсетуді және тауарларды жөнелтуді жүзеге асырмай, жалған шот-фактураларды жазып беру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. (…) Сот оны 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айырды», - делінген жұмадағы хабарда.
ҚМА нақтылағандай, ұйымдастырушы 2021 жылдың желтоқсан айынан бастап 2022 жылдың маусым айына дейінгі аралықта Астана қаласында бір топ тұлғалармен алдын ала сөз байласу арқылы «Каз Монтаж Энерджи» ЖШС атынан «ТазалыкЭксперт» ЖШС және «Bertys Construction» ЖШС-не іс жүзінде қызмет көрсетпестен шот-фактуралар жазып берген.

Фото көзі: pixabay.com


adimage