Қазақстанда 2020-2021 оқу жылында бірінші тоқсан қалай өтеді

Астана. 14 шілде. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Қазақстанда 2020-2021 оқу жылында бірінші тоқсан қалай өтеді, бұл туралы ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтып берді.
«Біз үшін басты мақсат балалар мен педагогтардың өмірі мен денсаулығын сақтау болып табылады, сондықтан келесі шешімді ұсынамын: 1 қыркүйеке жаңа оқу жылы барлық мектептерде 1-11 сныпытар үшін қашықтық форматында басталсын, шалғайдағы шағын жинақты ауылдық мектептерді қоспағанда. Ата-аналардың өтініштері бойынша бастауыш сыныптар қатаң санитарлық шаралар сақтала отырып кезекші кластарды қалыптастыру мүмкіндігі бар болған жағдайда ғана мектепте оқытылуы мүмкін», - деді Аймағамбетов сейсенбідегі үкімет отырысында.
Бұл ретте ол түсіндіргендей, балалар тек бір кабинетте оқиды, қоңыраулар әр түрлі уақытта соғылады, мектепке кірген кезде дене қызуларын өлшеу ұйымдастырылады, кластарды желдету, кварцтау және ылғалды тазалау жүргізіледі.
Сонымен қатар, министрдің айтуынша, әлеуметтік қашықтықты ұйымдастыру үшін ауысымдық оқытуға бөлу қарастырылған, ал пәндердің кейбірі қашықтықтан оқытылады.
«Шалғайдағы шағын жинақты ауылдық мектептерде оқу штаттық режимде жүреді»,- деді Аймағамбетов.

adimage