«Қазақстандық коммуналдық жүйелер» бақылаушы кеңесінің құрамын ауыстырды

Алматы. 27 ақпан. ҚазТАГ – Толқын Тәшімов. «Қазақстандық коммуналдық жүйелер» ЖШС бақылаушы кеңесінің құрамын ауыстырды, деп хабарлады Қазақстан қор биржасының сайтынан (KASE).
«Қатысушылардың ортақ жиналысының 2020 жылғы 24 ақпандағы шешімімен серіктестіктің қадағалаушы кеңесінің құрамына келесідей өзгерістер енгізілді: А. А. Канафин– қадағалаушы кеңес мүшесі шығарылды; тағайындалғандар: А.Г.Ахметов– қадағалаушы кеңес мүшесі, Д.А.Идрисов– қадағалаушы кеңес төрағасы, А.М.Салимова – қадағалаушы кеңес мүшесі, С.А.Аханов – қадағалаушы кеңес мүшесі», - делінген KASE сайтында жарияланған «Қазақстандық коммуналдық жүйелер» ЖШС хабарында.
Енгізілген өзгерістер ескеріле келе «Қазақстандық коммуналдық жүйелер» ЖШС коммуналдық кеңес төрт адамнан тұрады: А.Г.Ахметов, Д.А.Идрисов, А.М.Салимова, С.А.Аханов.
Биржа сайтында орналастырылған ақпар бойынша, «Қазақстанық коммуналдық жүйелер» ЖШС сатылым көлемі 2019 жылдың 1 шілдесінде Т66,3 млрд. құрады, 2019 жылдың 1 қазанында - Т94,4 млрд, таза кірісі – сәйкесінше Т6,6 млрд және Т8,8 млрд.

adimage