«ҚазМұнайГаз» басқарма құрамы өзгертілді

Астана. 14 наурыз. ҚазТАГ - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма құрамы өзгертілді, деп хабарлады ҚМГ қоғаммен байланыс департаментінен.
«2019 жылғы 7 наурызда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі - Компания) Директорлар кеңесінің шешімімен Компания Басқармасының құрамы кеңейтілді. Басқарманың жаңа мүшелері болып Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Жақып Нәсіпқалиұлы Марабаев, Басқарма төрағасының мұнай тасымалдау, халықаралық жобалар және «Сарыарқа» газ құбырын салу жөніндегі орынбасары Данияр Әмірбайұлы Берлібаев және сатып алу және жабдықтау жөніндегі басқарушы директор Есен Қайыржанұлы Қайыржан сайланды», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, 2019 жылғы 6 ақпанда Компанияның Директорлар кеңесі жаңа ұйымдық құрылымды бекіткенін, соған сәйкес негізгі бизнес-бағыттарға басқару процестерінің ара жігі ажыратылып, осы бағыттарды дамыту үшін жетекшілер тағайындалған.
«Құрылымның өзгеруі өндіріс тиімділігі мен Компанияны корпоративтік басқаруды арттыруға, шешімдердің жедел қабылдануын қамтамасыз етуге және Компанияның орталық офисі мен еншілес және тәуелді ұйымдардың арасындағы өзара іс-қимылды жақсартуға бағытталған», - делінген хабарда
Еске салсақ, 2018 жылдың 20 қарашасында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы болып Алик Айдарбаев тағайындалған еді, ол бұған дейін «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары болып қызмет атқарған.

adimage