ҰҚК Самат Әбіштің демалысына қатысты ақпаратты нақтылады

Астана. 14 қаңтар. ҚазТАГ – Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) комитет төрағасының бірінші орынбасары Самат Әбіштің демалысына қатысты ақпаратты нақтылады, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«13 қаңтардан бастап ол жыл сайынғы демалыста», - деп хабарлады жұма күні ҰҚК сайтынан.
Бұған дейін комитет еске салғандай, Әбіш ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарып жатыр, қазіргі таңда ол жыл сайынғы еңбек демалысында. Бірақ нешісінен бастап екені нақтыланбады.
Әбіш Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған жиені болып табылады.

adimage