Құқыққорғау органдарының тексерісі кезінде Надыров Алматы денсаулық сақтау басқармасы басшысының қызметінен кетті

Алматы. 19 қазан. ҚазТАГ – Қамалжан Надыров құқыққорғау органдары тексерісі кезінде Алматының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кетті, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Надыров Алматының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының қызметінен кетті. Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметін Қамалжан надыров ағымдағы жылдың маусым айынан бері атқарып келеді. Қызметінен Надыров өз еркімен кету туралы берген арызына сәйкес босатылды», - деп хабарлады дүйсенбі күні Алматы әкімінің баспасөз қызметінен.
Еске салсақ, 17 қыркүйекте құқыққорғау органдарының Алматы денсаулық сақтау басқармасын тексріп жатқаны белгілі болды. Сол кезде Надыровтың өзі нақтылағандай, «COVID-19 дертімен күреске бағытталған бюджет қаражатының жұмсалуын бақылаумен байланысты шаралар жүргізілген»

adimage