12-13 тамызда Қарағанды облысында дауылды ескерту жарияланды

Қарағанды. 11 тамыз. ҚазТАГ - 12-13 тамызда Қарағанды облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады өңірдегі төтенше жағдай депаратментінің баспасөз қызметінен.
«12-13 тамызда Қарағанды облысында кей жерлреде күн күркірейді, дауыл, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан, батыстан кей жерлерде 15-20 м/с жел соғады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады», - делінген сейсенбідегі хабарда.
Сондай-ақ, хабарланғандай, Қарағандыда 12 тамызда найзағай, бұршақ күтіледі, оңтүстік-батыстан, батыстан күндіз екпіні 18 м/с жел тұрады.

adimage