12 мамырға Қазақстанның төрт облысында дауылды ескерту жарияланды

Астана. 11 мамыр. ҚазТАГ – 12 мамырға Қазақстанның төрт облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«12 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі. Петропавл қ: күндіз 12 мамырда солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі», - делінген сейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-90%.
«Түнде және таңертең 12 мамырда Ақмола облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі. Түнде кей жерлерде 2 градус үсік күтіледі», - деп хабарлады баспасөз қызметінен.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-90%.
«12 мамырда Түркістан облысында кей жерлерде шаңды дауыл соғады, шығыстан 15-20 м/с жел тұарды», - деп хабарлады сарапшылар.
Дауылды ескертудің ықтималдығы - 80-85%.
«12 мамырда таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші таңертең және күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Қызылорда қ.: 12 мамырда күндіз шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі», - деп хабарлады «Қазгидромет».
Дауылды ескертудің ықтималдығы - 85-90%.

adimage