2017 жылы Алматы облысында орын алған ұшақ апатын тексеру аяқталды

Астана. 14 мамыр. ҚазТАГ – 2017 жылы 10 тамызда Алматы облысында болған авиациялық оқиғаны тексеру аяқталды, деп хабарлады индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметінен.
«2017 жылы 10 тамызда Алматы облысында болған тіркеу нөмірі UP-LA231 Tecnam-P2002-JF әуе кемесінде адамдары құрбан болған авиациялық оқиғаны тексеру аяқталды. Авиациялық оқиғаның негізгі себебі ұшақ төмен биіктікте ұшып шығып күшті желдің ықпалына түсуі салдарынан ұшу барысында ерекше қауіпті жағдай туындаған, сол себепті әуе кемесінің экипажы ұшақты басқара алмай жерге соғылған.. (…) Сонымен қатар өзге де қосалқы себептер бойынша осы авиациялық оқиғаны тергеп тексеру барысында «Training Сenter Part-FCL» ЖШС АОБ жұмысында анықталған кемшіліктер, деректерді бұрмалау мен сәйкессіздіктер де себеп болып табылады», - делінген сейсенбідегі ИИДМ хабарында.
Оған қоса, соңғы ұшуда авиациялық оқиғаның маңызды қосалқы себебінің бірі биікке ұшу барысында қозғалтқыштың уақытша қуатын жоғалтып алуы (яғни, шырқау биікке ұшу барысында руль өз жұмысын кенеттен тоқтатуы салдарынан қозғалтқыштың тұрақсыз жұмыс істеуі, биіктікке ұшу барысында жоғары тік жылдамдыққа ұшу және 0,5g артық теріс жүктеме жағдайын туындату) болып табылады.
«Тексеру комиссиясы арқылы оқу әуе кемелерінің эксплуатанттарына, Азаматтық авиация академиясына, сондай-ақ Азаматтық авиация Комитетіне тиісті нұсқаулықтар берілді, оларды міндетті түрде орындау болашақта ұқсас авиациялық оқиғалардың болу ықтималдығын төмендетеді», - делінген хабарда.
Еске салсақ, ұшақ апаты 2017 жылдың 10 тамызында Алматы облысы Азем әуежайынан 2 шақырым жерде оқу-жаттығу тапсырмасын орындау барысында орын алған. Көкке көтерілгеннен кейні әуе көлігі құлдырай бастаған, ақыры өртеніп кеткен. Апат кезінде бортта ұшқыш-нұсқаушы С. Курченко болған, ол 1977 жылы туылған, Украина азаматы, сосын курсант Е.Әбішев болған. Ол 1996 жылы туылған. Екеуі де мерт болды.

adimage