2019-2022 жылдары саяси партияларды қаржыландыруға мембюджеттен Т27 млрд жұмсау жоспарлануда

Астана. 27 мамыр. ҚазТАГ – 2019-2022 жылдары саяси партияларды қаржыландыруға мемлекеттік бюджеттен Т27 млрд жұмсау жоспарлануда, делінген қаржы министрлігі ұсынған бюджеттік бағдарлама жобасында.
«Саяси партияларды қаржыландыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша шығындар (мың тенгемен – ҚазТАГ): 2018 – 6 161 347; 2019 – 6 469 371; 2020 – 6 728 163; 2021 – 6 997 191; 2022 – 6 997 193», - делінген құжатта.
Бюджеттік бағдарлама мақсаты ретінде «саяси партияларды қаржыландыру бойынша мемлекет міндеттемелерінің тиімді орындалуы» көрсетілген. Мәселе мәжілісте таныстырылған саяси партиялар жөнінде.

adimage