2019 жылғы сәуір айының аяғында халықаралық резервтер $86,4 млрд. құрады – ҚР Ұлттық банкі

Алматы. 14 мамыр. ҚазТАГ – 2019 жылғы сәуір айының аяғында халықаралық резервтер 86,4 млрд долларды құрады, деп хабарлады ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметінен.
«Сәуірдің соңында жалпы халықаралық резервтер 86,4 млрд АҚШ долларын құрады. Ұлттық қордың активтері жылдың басынан бері 58 млрд АҚШ долларынан 59,3 млрд АҚШ долларына дейін өсті. Қазақстан Ұлттық Банкінің алтынвалюта резервтері сәуірде 0,2%-ға ұлғайып, 2019 жылғы 1 мамырда 27,1 млрд АҚШ долларын құрады. Қажетті минимум 3 ай болған кезде олардың көлемі тауарлар мен қызметтер импортының шамамен 8 айын құрайды. Ұлттық қордың активтерін қоса алғанда, жалпы халықаралық резервтер сәуірде 0,4%-ға өсті», - делінген хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, Қазақстан Ұлттық Банкінің жалпы халықаралық резервтерінің көлемі сыртқы борышқа және тауарлар мен қызметтер импортына қызмет көрсету бойынша макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін жеткілікті болып табылады.
«Жыл басынан бастап резервтер көлемінің төмендеуі сыртқы міндеттемелерге, оның ішінде Үкіметтің сыртқы борышы мен квазимемлекеттік секторға қызмет көрсету, сондай-ақ салымдарды долларсыздандырудың жалғасуына байланысты екінші деңгейдегі банктердің корреспонденттік шоттарынан қаражаттың әкетілу салдары болып табылады», - делінген хабарда.
Бұған дейін ҚазТАГ хабарлағандай, Қазақстанның халықаралық резервтері 2018 жылдың соңында 88,628 млрд доллар құрағанын хабарлаған еді. Қазақстанның халықаралық резервтері 2019 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша 2,9% төмендеді - 86,014 млрд. долларға дейін.

adimage