2019 жылы Алматы мен Қарағанды облыстарында үш терактінің алды алынды

Астана. 12 желтоқсан. ҚазТАГ – 2019 жылы Алматы мен Қарағанды облыстарында үш терактінің алды алынды, деп хабарлады ҚР ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінен.
«3 террористік актіні жасауға ұмтылыстарының бастапқы кезеңінде жолы кесілді. Террористік акті Алматы және Қарағанды облыстарының радикалдық тұлғаларымен дайындалды. Террористік актіні дайындауға қатысы бар тұлғалар 6 жылдан 18 жылға дейінгі мерзімге бас бостандықтарынан айырылды», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Еліміздің әр түрлі аймақтарында 7 радикалдық топтың және 34 жеке тұлғалардың қылмыстық әрекеттері бейтараптандырылды.
«Терроризм және діни экстремизммен байланысты қылмыстары үшін барлығы 140 адам сотталды», - деп атап өтті ҰҚК.
Бұған дейін хабарланғандай, шамамен 40 қазақстандық содыр мен олардың 65 әйелі шетелде террористер құрамында қалып отыр.

adimage