2019 жылы Қазақстанда ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілер бағасы 15,9% өсті

Астана. 9 қаңтар. ҚазТАГ – 2019 жылы Қазақстанда ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілер бағасы 15,9% өсті, деп көрсетілген ҚР ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінің хабарында.
«2019 жылы ауыл шаруашылық өнімін өндірушілер сататын ауыл шаруашылық өнімдері 15,9%-ға, егін шаруашылығының өнімдері – 19,1%-ға, мал шаруашылық өнімдері – 7,1%-ға өскен», - делінген бейсенбідегі статкомитет сайтындағы жедел ақпаратта.
Статақпарға сәйкес, 2019 жылы бидай бағасы 34,9%, күріш – 30,6%, жүгері – 14,5%, арпа –13,8%, қарабидай – 8,7%, сұлы – 8,2%, тары – 2,9%, қарақұмық – 2,5%-ға өскен.
Қырыққабат пен жуа 5,9%, асхана қызылшасы – 4,9%, картоп – 2,5%, асхана сәбізі – 1,6% қымбаттаған. Кептірілген асбұршақ бағасы - 20,7%, күнбағыс дәні –14,4%, майбұршақ – 7,4%, дәнді-дақылдар – 6,9% өскен.
Мақта – 22,6%, кептірілген жасымық – 5,9% арзандаған.
Ірі қара малының еті 9,5%, жылқы еті – 9%, қой еті –7,1%, шошқа еті –5% өскен. Жұмыртқа бағасы 17,6%-ға, шикі сүт – 8,7% қымбаттаған.
Құс жұмыртқасы 6,1%, бал – 1,1% арзандаған.

adimage