2019 жылы Қазақстанда тұз экспорты $6,3 млн құрады

Астана. 17 ақпан. ҚазТАГ – 2019 жылы Қазақстанда тұз экспорты $6,3 млн құрады, деп хабарлады ауыл шаруашылық министрлігінің баспасөз қызметінен.
«2019 жылы елімізде 260 мың тоннадан астам тұз өндірілді, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 14,8 пайызға артық. Тұзбен ішкі нарықты қамтамасыз ету 2019 жылы 143 %-дан (243 мың тонна) асқан болатын. Қазақстанда өткен жылы ас тұзы экспортының күрт өсуі тіркелді. 11 ай ішінде шет елге 6,3 млн АҚШ доллары сомасына 85 мың тоннаға жуық минерал жөнелтілді. Тауардың басым бөлігі Ресей Федерациясы мен Қырғызстан еліне сатылған», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.
Салыстырмалы түрде айтатын болсақ, 2018 жылдың 11 айында экспортқа 102 мың долларға 3 мың тонна шығарылған екен.
«Осылайша, экспорттық нарықта жоғары сапалы және экологиялық тұрғыдан таза өнім басқа өндірушілерге мықты бәсекелес бола алды», - деген қорытындыға келген Қазақстанның ауыл шаруашылық мині.

adimage