2021 жылы ЮНЕСКО-ның бастамасымен Қазақстанда І Әлемдік этноспорт ойындары өтеді

Алматы. 15 тамыз. ҚазТАГ – 2021 жылы ЮНЕСКО-ның бастамасымен Қазақстанда Әлемдік этноспорт ойындарының өтуі мүмкін, деп хабарлады РФ-дағы ҚР елшілігінің баспасөз қызметінен.  
«12 тамыз күні  Түркияның Эрзурум қаласында басталған Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының ұйымдастыруымен «Түркі ойындары-2018» фестивалі барысында консультациялық кеңестің  IV кешенді отырысы және спорттың дәстүрлі түрлері мен ойындар жөніндегі достық тобының отырысы болды. Отырыс барысында Әлемдік этноспорт ойындарының Қазақстан Республикасында ұйымдастырылу мүмкін екендігі айтылды. Ойындар 2021 жылы өтеді, олардың өтуіне ЮНЕСКО бастамашылық етіп отыр», - делінген сәрсенбідегі қазақстандық дипөкілдік хабарында.  
Атап өтелік, бұл жиынға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және  ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының өкілдері қатысты.
«2021 жыл - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алғанына 30 жыл толатын мерекелі жыл. Осы мерекелі жылы Астанада жер жаһанның таңдаулы ұлттық ойындары тамашаланатын І Әлемдік этноспорт ойындары ту көтеруі әбден мүмкін», - делінген хабарда.

adimage