21 қыркүйектен бері Ресейден Қазақстанға кірген жеңіл көлік саны 20% өскен

Астана. 23 қыркүйек. ҚазТАГ – 21 қыркүйектен бері Ресейден Қазақстанға кірген жеңіл көлік саны 20% өскен, деп хабарлады ҚР қаржы министрлігі мемлекеттік кіріс комитетінен.
«2022 жылдың 21 қыркүйегінен бастап РФ-дан ҚР-ға келіп жатқан жеңіл автокөлік құралының (АКҚ) 20% артқаны байқалуда», - делінген жұма күні таратылған хабарда.
Ақпарға сәйкес Қазақстанға Ресейден кіретін шекараның кей учаскелерінде АКҚ нөпірі байқалуда.
Әсіресе Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында көптеп байқалуда, деп нақтылады мемкіріс комитетінен.
Атап өтелік, Ресей әскерінің бұған дейін басып алған Украина жерінен шегінуіне байланысты 21 қыркүйекте ішінара мобилизация жүргізу туралы жарияланғаннан кейін Қазақстанға келуші Ресей азаматтарының саны күрт өскен. 23 қыркүйекте ҰҚК шекара қызметі шекарадағы жағдайды ерекше бақылауға алғанын мәлімдеді. 23 қыркүйектегі жағдай бойынша 2022 жлдың басныан бастап Қазақстан Ресейден 1,6 млн астам азамат кірген.

adimage