22 сәуірге Қазақстанның төрт облысында дауылды ескерту жарияланды

Астана. 21 сәуір. ҚазТАГ - 22 сәуірге Қазақстанның төрт облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«22 сәуірде Атырау облысында кей жерлерде найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с. Атырау қ.: 22 сәуірде найзағай, кей уақыттарда шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с», - делінген сәрсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-90%.
«22 сәуірде Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с сақталады. Қызылорда қ.: 22 сәуірде күндіз солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі», - деп хабарлады баспасөз қызметінен.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-90%.
«22 сәуірде Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай, шаңды дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 17-22 м/с күтіледі. Ақтау қ.: 22 сәуірде күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 18 м/с күтіледі», - деді сарапшылар.
Дауылды ескертудің ықтималдығы - 80-85%.
«22 сәуір Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, кей жерлерде 15-20 м/с. Орал қ.: 22 сәуір түнде найзағай күтіледі», - деп хабарлады «Қазгидромет».
Дауылды ескертудің ықтималдығы - 85-90%.

adimage