26 қарашаға Қазақстанның бес облысында дауылды ескерту жарияланды

Астана. 25 қараша. ҚазТАГ – 26 қарашаға Қазақстанның бес облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«26 қарашада Ақмола облысында кей жерлерде тұман күтіледі», - делінген сәрсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-90%.
«Түнде 26 қарашада Маңғыстау облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі. Ақтау қ: 26 қарашада күндіз қатты жауын-шашын (қар, жаңбыр) күтіледі. Түнде және ертеңгісін тұман және көктайғақ», - деп хабарлады баспасөз қызметінен.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-90%.
«26 қарашада Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі», - деді сарапшылар.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-90%.
«26 қараша Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с. Орал қ.: 26 қарашада тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі», - деп хабарлады «Қазгидромет».
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.
«26-27 қарашада Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі», - делінген хабарда.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 70-75%.

adimage