28 қазанға Қазақстанның бес облысында дауылды ескерту жарияланды

Астана. 27 қазан. ҚазТАГ – 28 қазанға Қазақстанның бес облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«28 қазанда Ақмола облысында түнде қар жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Көкшетау қ: 28 қазанда түнде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Жолдарда көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Нұр-Сұлтан қ: 28 қазанда көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі», - делінген сейсенбіде таратылған хабарда.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-90%.
«28 қазанда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады түнде күші 15-20, екпіні 23 м/с, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Қостанай қ: түнде және таңертең 28 қазанда жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады түнде күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі», - деп хабарлады баспасөз қызметінен.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.
«28 қазанда Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады кей жерлерде 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі. Өскемен қ.: 28 қазанда оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады екпіні 15-20 м/с күтіледі. Семей қ.: 28 қазанда оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады екпіні 15-20 м/с күтіледі», - дейді сарапшылар.
Дауылды ескертудің ықималдығы - 90-100%.
«28-30 қазанда Жамбыл облысында кей жерлерде оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, күші 15-20 м/с күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі», - деп хабарлады «Қазгидрометтен».
Дауылды ескертудің ықтималдығы - 90-95%.
«28 қазанда Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерінде күші 15-20 м/с күтіледі. Қарағанды қ. 28 қазанда көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі», - деп хабарлады баспасөз қызметінен.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 70-75%.

adimage