3 маусымға Қазақстанның үш облысында дауылды ескерту жарияланды

Астана. 2 маусым. ҚазТАГ – 3 маусымда Қазақстанның үш облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«03 маусымда Ақмола облысында кей жерлерде найзағай күтіледі. Түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел тұрады, кей жерлерде 15-20 м/с жетеді», - делінген сейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-90%.
«Күндіз 3 маусымда Атырау облысында кей жерлерде найзағай, шаңды дауыл, шығыстан, оңтүстік-шығыстан кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, +35+37 қатты ыстық болады», - деп атап өтті сарапшылар.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 80-85%.
«3-4 маусымда күндіз Қызылорда облысының оңтүстігінде 47 градус өте қатты ыстық күтіледі. 3 маусымда Қызылорда облысында оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі», - деп хабарлады баспасөз қызметінен.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-90%.

adimage