7-8 сәуірде Нұр-Сұлтанда және Қазақстанның алты облысында дауылды ескерту жарияланды

Астана. 6 сәуір. КазТАГ – 7-8 сәуірде Нұр-Сұлтанда және Қазақстанның алты облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Нұр-Султан қ.: 7 сәуірде түнде оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с, күндіз оңтүстік-батыстан 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, 8 сәуірде түнде оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді», - делінген дүйсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.
«7 сәуірде Қарағанды облысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с, екпіні 30 м/с және одан аса күтіледі, 8 сәуірде кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 0-8 градус аязға дейін төмендейді», - деп атап өтті синоптиктер
Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-90%.
«Түнде 7 сәуірде Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді, 7 сәуірде күндіз , 8 сәуірде тәулік бойы оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с, екпіні 30 м/с және одан аса күтіледі», - деп жазды сарапшылар.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.
«7 сәуірде Қостанай облысында солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде күші 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с, екпіні 30 м/с және одан аса күтіледі, 8 сәуірде оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20 м/с жетеді», - делінген хабарда.

adimage