8 наурызда Ақтаудан Өзбекстанға жаңа рейс ашылады

Ақтау. 5 наурыз. ҚазТАГ – 8 наурызда Ақтаудан Өзбекстанға жаңа рейс ашылады, деп хабарлады ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметінен.
«2021 жылғы 8 наурыздан бастап "SCAT" әуе компаниясы Ақтау және Үргеніш қалалары арасында аптасына 2 рейс орындай бастайды», - делінген жұмада таратылған хабарда.
Хабарда нақтыланғандай, рейстер Б-737 әуе кемесімен дүйсенбі және сәрсенбі күндері орындалады.
Рейстер санитарлық – эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

adimage