Ақмола облысы полиция департаменті бастығының орынбасары сыбайлас жемқорлық күдігіне ілікті

Алматы. 4 қазан. ҚазТАГ – Ақмола облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Асан Садуов пен ПД қаржылық қамту басқармасының бастығы Сәуле Жұмалина сыбайлас жемқорлық күдігіне ілікті, деп хабарлады Kokshetau Asia.
«ҰҚКД өзіндік қауіпсіздік және ведомствоаралық жедел-тергеу тобы басқармасы ҚР ҚК 189 бабында қарастырылған (сеніп тапсырылған мүлікті иемдену немесе ысырап ету) қылмысты жасаған деген күдікке ілінді, сотқа дейінгі тергеу амалдары қозғалған», - деп хабарлады Ақмола облысы полиция департаментінен.
Тергеу нұсқасы бойынша, заңға қайшы әрекетті күдіктілер бір жыл бойына жасап келген.
«Полковник Садуов ішкі істер органынан қуылды», - делінген хабарда.

adimage