Ақмола облысында АН-2 ұшағының құлауына байланысты комиссия құрылды

Астана. 20 маусым. ҚазТАГ – Ақмола облысында АН-2 ұшағының құлауына байланысты комиссия құрылды, деп хабарлады ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметінен.
«20 маусымда сағат шамамен 10-00-де Ақмола облысының Целиноград ауданына қарасты Родина ауылынан 10 шақырым жерде егістік алқабын химиялық өңдеп жүрген АН-2 ұшағы апатқа ұшырады. Апат салдарынан ұшақ ұшқышы қаза тауып, 2 экипаж мүшесі жарақат пен күйік шалып, ауруханаға жеткізілді. Ұшақтың құлау себебі анықталып жатыр. Комиссия құрылды, тексеру жүргізілетін болады», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда.
Бұған дейін ҚР ІІМ ТЖК хабарлағандай, 20 маусымда шамамен сағат 10:00-де Ақмола облысы Целиноград ауданы Родина ауылынан 10 шақырым жерде алқаптарды химиялық өңдеу барысында АН-2 ұшағы құлаған еді. Оқиға салдарынан ұшқыш мерт болды, экипаждың екі мүшесі түрлі жарақат және күйіктерімен ауруханаға жеткізілді.

adimage