Ақмола облысында ет сату саласында бірқатар бұзушылықтар анықтылды

Күні: 13:41, 21-08-2019.

Алматы. 21 тамыз. ҚазТАГ – Ақмола облысында ет сату саласында бірқатар бұзушылықтар анықтылды, деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өңірлік департаментінің баспасөз қызметінен.
«Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың бірнеше мәрте бұзылғандығын анықтады. Мысалға, сауда орталықтарындағы ет сақтауға арналған мұздатқыш камералар қажеттілік туған кезде жуылмайды. Сиыр етін сақтау үшін осындай камералардың ішінде қорғаныс қақпақшалары жоқ шамдар қолданылады. Бұл ет өнімдеріне әйнек сияқты қауіпті қалдықтардың түсуінен қорғамайды. Сонымен қатар, температура өлшеу үшін қажетті бақылау-өлшеу құрылғыларының жоқтығы анықталды», - делінген сәрсенбіде арнайы мониторингтік топ ақпарында.
Сонымен қатар, етті сатылымға шығаруға қажетті сөрелер немесе витриналар да жоқ екен – «ет сауда сөрелерніде сатылады».
«Мұздатылған етті сату шарттары сақталмайды. Етті түпқоймасыз, жерде сақтайтын жағдайлар да анықталды. Ет шабатын бөлмеде қол жууға арналған шұңғылшалар орнатылмаған. Ет тасымалдау қызметіне қатысты да көптеген ескертулер жасалды. Арнайы транспорттық құрал болмағандықтан ет жеңіл автокөлікпен тасымалданады. Көліктің ішкі жоғарғы қабаты тазаланбайтын, жуылмайтын және зарарсыздандырылмайтын, азық өнімдерін ластанудан, жануарлардың, кеміргіштер мен құрт-құмырсқалардың кіруінен сақтамайтын материалдан жасалған», - делінген хабарда.
Сонымен қатар жұмысшылардың алжапқыштан басқа арнайы киіммен толық қамтамасыз етілмейтіні анықталды. «Жеке және арнайы киімді бөлек сақтауға арналған киім ілетін бөлме қарастырылмаған».
«Өткізілген мониторинг қорытындысы бойынша Арнайы мониторингтік топ мүшелері сауда орталықтарының иелеріне анықталған кемшіліктерді жою бойынша тиісті ұсынымдар енгізді. Сонымен қатар, уәкілетті мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қатысуымен арнайы жиналыс өткізіп, осындай заң бұзушылықтарға алдағы уақытта жол бермеу мәселесін талқылау жоспарланып отыр», - делінген хабарда.
Еске салсақ, ағымдағы жылғы 16 тамызда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ольгинка ауылының тұрғындарына тиесілі жануарларда күйдіргі ауруының диагнозы зертханалық расталуына байланысты Ақмола облысының Аршалы ауданының Михайлов ауылдық округының Ольгинка ауылының аумағына карантин енгізілді. Ақмола облысының Аршалы ауданының Михайлов ауылдық округының Ольгинка елді мекенінің аумағындағы адамдардың, ауыл шаруашылығы малдарының және көлік құралдарының қозғалысына (келуі және кетуі) шектеу орнатылды. Түйнеме күдігімен 5 адам ауруханаға жатқызылды. Кейін ауруды жұқтыру дрегі төрт адамда расталды. Аураханаға жатқызылғанардың барлығы екі ауру сиырды сойысқан болып шықты. Шенеуніктер Ақмола облысындағы жағдайдың бақылауда екенін мәлімдеуде.


Жаңалықтармен бөлісу: