Ақмола облысында өзеннің арнасынан асуынан ауыл жолға шыға алмай қалды

Алматы. 8 сәуір. ҚазТАГ – Старый Колутон ауылы Ақмола облысындағы өзен суының арнасынан асуынан жолға шыға алмай қалды, деп хабарлады Kokshetau Asia.
«Старый Колутон ауылында Колутон өзенінің су деңгейінің артуынан 20 ауланы су басты. Су деңгейі 15 см жеткен. Қазіргі таңда тұрғын үйлер алдына құм салынған қаптардан кедергілерді үлкейту жұмыстары жүргізіліп жатыр, 170 дана осындай қап төселген, тағы 120-сы дайындалды. Аталмыш жұмыстарға шамамен 30 адам және 14 адам мен 11 бірлік техника жұмылдырылған. Ауыл көлік жолынан кесіліп қалды», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Бұл ретте атап өтілгендей, елдімекенге алдын-ала азық-түлік қоры мен бірінші қажеттілік заттары әкелінген болатын.
«Өткен күннің аяғына таман Целиноград ауданында Қосшы ауылынан 2,7 км қашықтықта Нұра өзенінің арнасынан асуынан 14 жұмыс жасап тұрған ұңғыманы су басқан, олар жаңа, әлі пайдалануа берілмеген Қосшы соры стансасына у жинауды жүзеге асыратын ұңғымалар екен, су деңгейі шамамен 1 м. «Қосшы коммуналдық қызметі» ШЖҚ МКК балансында тұрған сорғы стансасы штаттық режимде жұмыс жасап тұрған», - делінген хабарда.
Жалпы Қосшыға су беруді алты ұңғыма жүзге асырады екен.

adimage