Ақмола облысының прокуроры тағайындалды

Көкшетау. 28 ақпан. ҚазТАГ – Ақмола облысының прокуроры тағайындалды, деп хабарлады Қазақстанның бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
«ҚР Бас прокурорының бұйрығымен Ақмола облысы прокуроры болып аға әділет кеңесшісі Айдос Майлыбаев тағайындалды», - делінген жұма күні таратылған хабарда.
Майлыбаев бұған дейін Жамбыл облысы прокурорының орынбасары, Ақтөбе облысы прокурорының бірінші орынбасары болған. Осы тағайындауға дейін Алматы облысының екі ауданының прокуроры болып жұмыс жасаған.

adimage