Ақпаратмині тағы да журналистердің жаңа әдеп кодексіне шүйлікті – «Әділ сөз»

Астана. 19 маусым. ҚазТАГ – «Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығын қорғау қоры ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тағы да журналистердің жаңа әдеп кодексіне қатысты кезекті бастамаларына назар аудартады, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Ақпарат министрлігі тағы да журналистердің жаңа әдеп кодексіне шүйлікті. Бірақ соңғы кодекстің несі ұнамады? Ал алдыңғысы ше? Оның алдыңғысы ше? Барлық жерде де әдепті – қолданылмайтын – өсиеттер жиынтығы. Десек те, өз әріптестерін ары қарай «өзі басқарғысы» келіп, үкіметтің бастамасын қолдай кететін медиа бірлестігі табылары сөзсіз», - делінген сәрсенбідегі қор мәлімдемесінде.
«Әділ сөз» соңғы он жыл бойы өзгеріссіз келе жатқан өзінің ресми ұстанымын түсіндірді.
«Әдеп кодексі БАҚ туралы заң жоқ елдерде (ал олардың саны көп), заң арқылы журналистерге түрмеге түсу және кәсіби қызметі үшін барынан айырылу қаупі төнбейтін елдерде нақты қолданыста. Жаһандық емес, қызметкерлер үшін редакция ішілік (кодекстер – ҚазТАГ) тиімді», - деп атап өтті қордан.
Сондай-ақ, нақтылағандай, қазақстандық заңнама мен құқық қолдану тәжірибесінде «журналисттік қоғамның өз-өзін реттеуі – галерадағы құлдардың өз-өзін реттеуі».
«Былай етейік: алдымен өсекті, жәбірлеуді, әдейі жалған ақпарат таратуды қылмыс деп танымау, ар-намысын қорғау туралы шағым беру мерзімін регламенттеу, моралдық шығынды өндіру сомасын регламенттеу, БАҚ құру және оны мәжбүрлеп жабуды жеңілдету – сосын барып моральдық-адамгершілік қағидалар жинағы мен өзін-өзі реттеу», - деп аяқтады «Әділ сөз» қорынан.

adimage