Ақтөбе облысы МСҚБ бөлімінің басшысы мен орынбасары 6 жылға бас бостандығынан айырылды

Астана. 18 шілде. ҚазТАГ - Ақтөбе облысы МСҚБ бөлімінің басшысы мен орынбасары 6 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттінің баспасөз қызметінен.
«Ақтөбе облысындағы ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіінің департаменті Ақтөбе облысы бойынша МСҚБ бөлімі бастығы мен орынбасары Т.Қуанышев пен Қ.Қанаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын аяқтады. (…) 16 шілдеде Ақтөбенің №2 сотының үкімімен Т.Қуанышев пен Қ.Қанаев 6 жылға бас бостандықтарынан айырылды. Сотталушылар өмір бойы мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырылды», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Агенттік ақпарынша, аталмыш тұлғалар, өздерінің қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалана отырып, алдау және сенімін теріс пайдалану арқылы жобалау, зерттеушілік қызмет пен құрылыс-монтаж жұмыстарына ескі үлгідегі жалған лицензияның электронды формасын қайта дайындауға ықпал еткені үшін жеке компаниялардан Т150 млн астам сома пара алған.

adimage