Ақтөбе облысында Ақтөбеден басқа тағы төрт ауданда ТЖ режимі жарияланды

Ақтөбе. 29 наурыз. ҚазТАГ – Ақтөбе облысында Ақтөбеден басқа тағы төрт ауданда ТЖ режимі жарияланды, деп хабарлады ҚазТАГ.
«29 наурыздан бастап су басу қаупі төнуіне байланысты Әйтеке би ауданының аумағында да жергілікті деңгейде табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимі жарияланды», - деп мәлім етті аудан әкімі Дәулетияр Тоғызбаев.
Төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылданды, аталмыш шешімге сәйкес қазіргі таңда төтенше жағдайды жоюға бағытталған тиісті шаралар жүргізілуде.
Еске салсақ, 28 наурызда ҚазТАГ Ақтөбе облысының Қобда ауданында су тасқыны салдарынан ТЖ режимі жарияланғанын хабарлаған еді. Кейін Мұғалжар және Темір аудандарында ТЖ режимі жарияланды, сол күні кешкісін Ақтөбеде де ТЖ режимі жарияланды.

adimage