Ақтөбеде біреуі Т121 млн астам тұратын 10 автомобиль сатып алмақшы

   Астана. 18 сәуір. ҚазТАГ – Ақтөбеде біреуі Т121 млн астам тұратын 10 автомобиль сатып алмақшы, деп хабарлайды агенттіктің  тілшісі.
   «Тапсырыс беруші – «Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ; атауы - автомобиль; қосымша сипаттамасы - аралас жол машинасы; бірлік үшін баға - Т121 143 280; саны - 10; өлшем бірлік - дана; жоспарлы сома - Т1 211 432 800», - деп мелекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.
  Конкурсқа өтінімдерді қабылдау 5 сәуірде басталған, 20 сәуірде аяқталады.

Фото көзі: оммунал-авто.рф


adimage