Ақтөбеде су деңгейінің жоғарылауы нәтижесінде өзен суы автомобиль көпірі арқылы ағып жатыр

    Ақтөбе.28 наурыз.ҚазТАГ- Ақтөбеде су деңгейінің жоғарылауы нәтижесінде өзен суы автомобиль көпірі арқылы ағып жатыр, деп хабарлайды төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
   «Бүгін таңертең Ақтөбе қаласындағы Сазды өзенінде мұздың жиналуы мен су деңгейінің жоғарылауы нәтижесінде Ө. Сейітов көшесіндегі автомобиль көпірі арқылы Керуен сити сауда үйі ауданындағы М. Мәметова көшесінің жол бөлігіне толып кетті. Қазір су бағытын көшеге жабу жұмыстары жүргізілуде»,- делінген бейсенбі күнгі хабарламада.
   Ақпаратқа сәйкес, ТЖД, ЖАО, ПД, Ұлттық ұлан,
20982, 54179, 20238, 03878 әскери бөлімдерден 1000-ға жуық қызметкер мен 200-ге жуық техника жұмылдырылды.

Фото көзі: Пресс-служба МЧС РК


adimage