Ақтау. 27 қаңтар. ҚазТАГ – Қаңтар оқиғаларынан кейін тергеу жүргізілген бұрынғы энергетика вице-министрі Жұмабай Қарағаев Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлады өңір әкімінің баспасөз қызметінен.
«27 қаңтарда Нұрлан Ноғаев облыс активіне әкімнің жаңа бірінші орынбасарын таныстырды. Оның кандидатурасы ҚР президентінің әкімшілігімен келісілген. Маңғыстау облысы әкімінің жаңа бірінші орынбасары болып Жұмабай Қарағаев тағайындалды», - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
Қарағаев бұған дейін Атырау қаласы әкімінің орынбасары болып жұмыс жасаған. Атырау облысы Мақат ауданының әкімі және Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. 2019 жылдың желтоқсанынан 2022 жылдың қаңтарына дейін ҚР энергетика министрлігінің вице-министрі болған.
Еске салсақ, 14 қаңтарда Маңғыстау облысында газ бағасының заңсыз көтерілуі ісі бойынша Қарағаевтың ұсталғаны туралы ақпар тараған еді. 15 қаңтарда үкімет оның қызметінен босатылғанын хабарлады. Сот қаулысымен екі айға мемқызметкер қамауға алынды.
Кейін істі қылмыс құрамы болмауы себепті тоқтатып тастады.
Қатысты сілтемелер
-
Шымкентте аялдама павильонын орнатуға Т1,1 млрд астам қаражат жұмсауды жоспарлауда25 Сәуiр 2024, 15:28
-
Алматы әуежайында Air Astana ұшқышы есірткіге мас күйінде ұсталды25 Сәуiр 2024, 15:25