Қаңтарда жинақ салымдары бойынша ең жоғары мөлшерлемелер жылына 14,1% болады - ҚДКҚ

Алматы. 5 желтоқсан. ҚазТАГ – Қаңтарда толықтырылмайтын жинақ салымдары бойынша ең жоғары мөлшерлемелер жылына 14,1%, 2 жылға – 14,5% құрайды, деп хабарлады «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» (ҚДКҚ) АҚ баспасөз қызметінен.
«Толықтырылмайтын жинақ салымдары бойынша ең жоғары мөлшерлемелер жылына 14,1%, 2 жылға – 14,5% құрайды», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда.
Ең жоғары сыйақы мөлшерлемелерінің өсуін 12 ай мерзіміндегі мерзімді салымдар анық көрсетеді: банктер 11,1% мөлшерлемесімен толықтырылатын, ал 11,6 % мөлшерлемесімен толықтырылмайтын мерзімді депозиттерді қабылдай алады.
«Жыл басынан бастап теңгедегі салымдардың барлық түрлері бойынша бүкіл өсім 429 млрд теңге құрады, оның ішінде 237 млрд жинақ салымдарына келді. Басқаша айтқанда,әрбір екінші теңге жинақ салымдарына орналастырылды, нәтижесінде олардың көлемі 10 есе ұлғайды», - делінген құжатта.

adimage