Ақтау қаласы маңындағы жағалауда топырақтан адам қаңқасы табылды

Ақтау. 10 шілде. КазТАГ – Ақтау қаласы маңындағы жағалауда топырақтан адам қаңқасы табылды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Ақтау қаласы маңындағы жағалауда Tree of Life демалыс базасы жанында адам қаңқасы табылды. Сот-медициналық сараптама жүргізілуде», - деп хабарлады Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Полицейлердің айтуынша, адамның сүйек қаңқасы 8 шілдеде табылған, шамамен сағат 16.00-де.
«Марқұмның кім екені және қаyдай жағдайда қаза болғаны анықталуда», - деді ПД-нен.

adimage