Ақтауда жолаушылар автобусы толығымен жанып кетті

Ақтау. 12 маусым. ҚазТАГ – Ақтауда ПАЗ жолаушылар автобусы толығымен жанып кетті, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Автобус 11 маусымда сағат шамамен 21.00-де өртенген. Ешкім зардап шекпеген», - деп хабарлады Маңғыстау облысы ТЖҚ баспасөз қызметінен.
Автобус 16 ықшамауданында Burger King кафесіне қарама-қарсы жепде өртенген.
«Өрт 21.15-те сөндірілді. Оқиға орнында өрт сөндіретін екі бірлік техника мен жеке құрамдағы сегіз адам жұмыс жасады», - деді ТЖҚ-нен.

adimage