Абай облысында үш адам өзенге құлап кеткен: Су айдындарының көктемгі ластануына байланысты іздестіру жұмыстары қиындаған

   Семей.27 наурыз.ҚазТАГ- Абай облысы Аягөз ауданында өзеннен өтемін деп суға құлап кеткен үш адам іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
   «Абай облысы Аягөз ауданында бірден екі бағытта екі іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Оқиға орнында Абай облысының ТЖД жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр»,- делінген хабарламада.
   Ер адам ат үстінде өзі жұмыс істейтін "Шығыс" шаруа қожалығына бармақ жатып, Аягөз өзенінен өтпекші болған кезде, аттан құлап, суға кеткен .
   Ал, тағы екі адам өздері жұмыс істейтін шаруа қожалығына трактормен бара жатып, Борлы өзенінің ортасында тұрып қалған.
Су айдындарының көктемгі ластануына және өзендердің ағу жылдамдығына байланысты іздестіру жұмыстары қиындаған.
Іздестіру жұмыстарына ТЖД, полиция департаменті, ЖАО, ӘБ күштері мен құралдары барлығы 41 адам, 4 жүзу құралы, 5 техника, 3 пилотсыз ұшу аппараты, сондай-ақ жергілікті тұрғындар жұмылдырылды. Адамдарға психологиялық көмек көрсету мақсатында ТЖД психологтары да оқиға орнына жіберілген.

Фото көзі: пресс-служба акимата области Абай


adimage