"Аграрлық несие корпорациясы" АҚ басқармасының және директорлар кеңесінің төрағалары тағайындалды

Астана. 19 тамыз. ҚазТАГ – "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ басқармасының және директорлар кеңесінің төрағалары тағайындалды, деп хабарлады Қазақстан қор биржасынан (KASE).
«Дарибаев М.А. директорлар кеңесінің 2019 жылдың 06 тамызындағы шешімімен Басқарма Төрағасы болып сайланды, ал Такабаев Б.Т. директорлар кеңесінің 2019 жылдың 13 тамызындағы шешімімен құрамынан шығарылды», - делінген дүйсенбіде ұсынылған құжатта.
Қазіргі уақытта "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ Директорлар кеңесінің
құрамы бес адамнан тұрады: Дарибаев М.А., Кабылова А.У., Камшимбаев А.А., Джаксылыков С.У., Байкуатов Д.С.
«Жумашов Д.Б. директорлар кеңесінің Төрағасы болып сайланды; Тасжуреков Е.К. – Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды; Дарибаев М.А. – өз бастамасымен шығарылды», - делінген құжатта.
Қазіргі уақытта "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ Директорлар кеңесінің
құрамы бес адамнан тұрады: Жумашов Д.Б., Тасжуреков Е.К., Жумагатов С.С., Даулетбаева А.А., Нургожин А.Е.

adimage