Алдағы екі күнде Үлкен және Кіші Алматы бассейнінде қар көшкіні жүруі күтілуде

Астана. 11 қараша. ҚазТАГ – Алдағы екі күнде Үлкен және Кіші Алматы бассейнінде қар көшкіні жүруі күтілуде, деп хабарлады Қазақстанның ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметінен.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейніндегі тау бөктеріне қалың қар жауып, қазір қар қабаты орнықсыз жағдайда. Осыған байланысты 11-12 қарашада тау баурайында қар көшкіні болуы мүмкін», - деп мәлімдеді ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов дүйсенбіде.
Еске салсақ, Алматыда дүйсенбіде ауа райы болжамы бойынша жауынды ауа райы күтіледі, кешкісін жылымық қар жаууы мүмкін.

adimage