Алдағы екі тәулікте Алматы өзендерінде су деңгейінің көтерілуі күтіледі

Астана. 5 маусым. ҚазТАГ – Алматы өзендерінде 6-7 маусымда су деңгейінің көтерілуі күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«6-7 маусымда Алматы қаласының іргелес аумақтарында жаңбыр болжамына байланысты, кей жерлерде қатты, бүйірлі ағынның қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.

adimage