Алдағы үш күнде Атырау облысында тұман, көктайғақ және қатты жел күтіледі

Астана. 7 ақпан. ҚазТАГ - Атырау облысында алдағы үш күнде тұман, көктайғақ және қатты жел күтіледі, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
«7-9 ақпанда Атырау облысының кей жерлерінде тұман, 7 ақпанда көктайғақ болады. 8 ақпанда жел солтүстік-батыстан, батыстан секундына 15-20 метрге дейін жетеді. 7-9 ақпанда Атырауда тұман күтіледі », - делінген жұмада жарияланған дауылды ескертуде.
Синоптиктерінің болжамынша, дауыл ықтималдығы 85-90% деңгейінде бағаланды.

adimage