Алдағы үш күнде Қазақстанға салқын арктикалық ауа келеді деп күтілуде

Астана. 11 желтоқсан. ҚазТАГ – Алдағы үш күнде Қазақстанға салқын арктикалық ауа келеді деп күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Атлантикадан жылы ауа массаларын алып келген батыс ағыны солтүстік-батысқа ауысып жатыр. Сондықтан Баренц теңізінен келетін арктикалық суық ауаның әсерінен республиканың көптеген облыстарында күн суытады. Сондай-ақ қар, кей жерлерде қалың қар жауады. Тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік облыстарда бұрқасын көтеріліп, солтүстік-батыстан екпінді жел еседі», - делінген сәрсенбіде таратылған 12-14 желтоқсанға арналған ауа райы болжамында.
Синоптиктер нақтылағандай, орташа көпжылдық ауа температурадан 4…10°С-қа жоғары аномальды жоғары ауа райы желтоқсан айына тән температураға ауысады.

adimage