Алдағы үш күнде Қазақстанда ауа температурасы құбылмалы болады

Астана. 5 наурыз. ҚазТАГ – Алдағы үш күнде Қазақстанда ауа температурасы құбылмалы болады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстан аумағына солтүстік атлантикалық циклондардың ағылуымен алдағы күндері салқын және жылы ауа массалары тез ауысып отыратын болады. Олар ауа температурасы мен атмосфералық қысымның құбылып тұруына себеп болады», - делінген жұмада таратылған хабарда.
Хабарда нақтыланғандай, кей жерлерде жауын-шашын түседі (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ, жаяу сырма соғады, жел күшейеді.

adimage