Алдағы үш күнде Қазақстанда күн ары қарай салқындайды

Астана. 4 қараша. ҚазТАГ – Алдағы үш күнде Қазақстанда күн ары қарай салқындайды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Суық атмосфералық фронттармен белсенді циклон республиканың батыс, орталық және солтүстік облыстарында ауа температурасының төмендеуіне, жауын-шашын, екпінді жел, кей жерлерде бұрқасынның болуына ықпал етті. Қазақстанның оңтүстігінде де күн суытып, жаңбыр және жылбысқы қар түрінде жауын-шашынның жаууы басталды. Алдағы тәулікте циклонның шығыс бағытта жылжуымен республиканың оңтүстік-шығыс және шығысында жауын-шашын – жаңбыр, қар, екпінді жел күтіледі. Сондықтан Қазақстанның барлық аумағында ауа температурасы 0 ден төмен болады, солтүстік жартысында түнде минус 2…10°С, оңтүстігінде 0…8°С, бұл көрсеткіш орташа көпжылдық нормадан 3…6°С төмен», - делінген дүйсенбіде таратылған 5-7 қарашаға арналған ауа райы болжамында.

adimage