Алдағы үш тәулікте Қазақстанның бірқатар өңірінде жауын-шашын күтілуде

Астана. 29 наурыз. ҚазТАГ – Алдағы үш тәулікте Қазақстанның бірқатар өңірінде жауын-шашын күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Еліміздің басым бөлігіне белсенді фронталды бөліктермен бірге оңтүстік циклон ықпал ететін болады, соған байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі, жаңбыр жауады, солтүстігінде жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын түседі», - делінген 30 наурыз - 1 сәуір аралығына арналған сәрсенбі күні таратылған ауа райы болжамында.
31 наурыз – 1 сәуір аралығында батыста нөсер жаңбыр жауады, 30-31 наурызда еліміздің шығысы мен оңтүстігінде, 30 наурыз – 1 сәуір аралығында оңтүстік-шығысында жаңбыр және қар түрінде қатты жауын-шашын күтіледі. 31 наурыздан бастап солтүстік-батыс антициклонның келуімен солтүстігінде жауын-шашын тоқтайды, республиканың көп бөлігінде ауа температурасы төмендейді.
«Батысында түнде ауа температурасы +2+7, күндіз +7+15, солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында түнде -7-13 дейін, күндіз -2+3 дейін төмендейді, шығысында түнде -10-22 аяз, күндіз -5+3, оңтүстік өңірлерде түнде 0+5, күндіз +3+13», - деп нақтылады синоптиктер.

adimage